Жаға ұстатты
Футбол

Гоудың «Қайраттағы» жалақысы белгілі болды

Гоудың «Қайраттағы» жалақысы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Le Talent Cache ақпаратына сүйенсек, «Қайраттың» шабуылшысы Жерар Гоу алматылық клубта жылына 1,8 млн еуро жалақы алады.

Бұл БАҚ-тың бас редакторы Франсуа Аттаның мәлімдеуінше, Қазақстандағы үздік сұрмергеннің Франция 1-ші лигасына ауыспауы оның «Қайраттағы» жалақысына байланысты. Мұндай көлемдегі қаржыны Францияда «Монако», ПСЖ және «Лион» ғана төлей алады екен.

Салыстырмалы түрде айта кетсек, италиялық «Торинода» ойнайтын Андреа Белотти жылына 1,5 млн еуро алады. Ал «Интер» мен Италия құрамасының форварды Эдердің жылдық жалақысы Гоудікімен бірдей. Ал «Романың» вице-капитаны Алессандро Флоренци жылына 1,7 млн еуро алады.

Айта кетейік, Гоудан бөлек «Қайратта» ресейлік жартылай қорғаушы Андрей Аршавиннің де жалақысы көп. Ол алматылық клубта айына 120 мың доллар алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер