русский язык
Футбол

Темури Кецбая: «Достарымыздан ұтылдық»

Темури Кецбая: «Достарымыздан ұтылдық»

Қазақстан мен Грузия арасында өткен жолдастық кездесуден кейін қонақтар бапкері нәтиженің әділ екенін айтып алаң иелерін құттықтады.

- Ойын жақсы өтті. Біз 90 минут бойы допқа иелік етіп мүмкіндіктерімізді іске асыра алмадық. Шыны керек, тең нәтиже тіркелгенде жақсы болар еді. Бірақ тоблодағы есепті өзгерту мүмкін емес. Енді қыркүйекте өтетін ресми кездесулерге дайындаламыз. Ұпай жинап алға жылжуымыз керек. Бүгінгі қарсыласымызды құттықтаймын. Жүз жылдықтарыңызға тамаша сый болды.

- Негізгі құрамның екі бірдей ойыншысын не себепті алмастырдыңыз? (Окриашвили, Ананидзе)

- Ойыншыларымның барлығын алып келдім, сондықтан әрқайсысына мүмкіндік бергім келді.

- Төрешілер жұмысы көңліңізден шықты ма?

- Мұны сіз де сұрап тұрсаңыз үндемей-ақ қояйын.

- Қорғаушыларыңыз босаңсып кеткендей көрінді...

- Жігіттер шабуылғы араласып артта үлкен қашықтық қалдырып жүрді. Тәуекелге бел буғанда мұндай болып тұрады.

- 80-ші жылдардағымен салыстырғанда бүгіні таңдағы Грузия ойыншыларына не жетіспейді?

- Ол заман мен бүгінгіні салыстыруға келмейді. Мен мұнда 88-ші жылы ойнағанмын. 3:0 есебімен ұтылғанымыз есімде, күн ыстық, қапырық-тұғын. Ойыншылардың жаңа буыны өсіп келеді, соларға демеу көрсетуіміз керек. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;