русский язык
Басқа

Шымкенттің шенеуніктері бір-бірімен жарыса жүгірді

news-banner7
mobile-news-top

Шымкенттің шенеуніктері бір-бірімен жарыса жүгірді.

Бүгін Шымкентте бес мың адамның қатысуымен жалпықалалық жүгіру марафоны өтті. Салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан шараны ОҚО әкімі Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бастап жүгірді.

Марафон қатысушылары қатарында өзге де шенеуніктер бар. Марафон үш қашықтықтан тұрды. Ең алыс қашықтық - 21,1 шақырым. Өз мүмкіндігін жаңадан сынап көрушілер 5 және 10 шақырымдық жолды жүгіріп өтті.

Қонаев даңғылынан бастау алып, Бәйдібек би даңғылы бойымен және Наурыз алаңына дейін жалғасқан марафонда 9 жас ерекшелігі бойынша 32 қатысушы жеңімпаз атанды.

Айтпақшы, марафоншылар арасында Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өз әріптестерінен ерекшелініп, көзге бірден байқалатын спорттық киіммен келді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;