Велоспорт

Astana Pro Team «Түркия турында» - төртінші

Astana Pro Team «Түркия турында» - төртінші
news-banner7
mobile-news-top

Табиғатымен талайды тамсандырған Түркияда алты күнге созылған дүбірлі дода өз мәресіне жетті.

«Түркия туры» деп аталатын велокөпкүндік Алания қаласынан бастау алып, Ыстамбұл шаһарында аяқталды. Соңғы кезең Еуропа мен Азияны жалғап тұрған шырайлы Ыстамбұлда өтті. 143 шақырымға созылған кезеңді Trek – Segafredo командасының шабандозы Эдвард Тёнс жеңіп алды. Көшбасшылар соңғы сәтке дейін бірге жүрді. Пелотонды бастаған Эдвард Тёнс пен жасыл жейденің иегері Сэм Беннет арасында жарыс өрбіді. Алайда мәреге бір шақырымнан аз қашықтық қалғанда Сэм Беннет құлап түсті. Мүмкіндікті мүлт жібермеген Эдвард Тёнс мәре сызығын бірінші болып кесті. Эдвард Тёнстан кейін іле-шала мәреге ВОRA командасының шабандозы Маттео Пелукки келіп жетсе, үздік үштікті италиялық Androni командасының өкілі Франческо Гавацци түйіндеді. Ал Astana Pro Team cапынан үздік нәтижені Рикардо Минали көрсетті. Ол мәреге жетінші болып келген.

«Түркия туры». Алтыншы кезең

Ыстамбұл – Ыстамбұл 143,7 шақырым

1. Эдвард Тёнс (Белгия) Trek – Segafredo

2. Меттео Пелукки (Италия) Bora - Hansgrohe

3. Франческо Гавацци (Италия) Androni - Sidermec – Bottecchia

7. Рикардо Минали Astana Pro Team

- Йеспер Хансен Astana Pro Team

- Андрей Зейц Astana Pro Team

- Дмитрий Груздев Astana Pro Team

- Жандос Бижігітов Astana Pro Team

- Руслан Тілеубаев Astana Pro Team

- Никита Стальнов Astana Pro Team

Жалпы алғанда, алты күнге созылған көпкүндіктің қорытындысы бойынша жарыс жеңімпазы болып - UAE Team Emirates командасының италиялық шабандозы Диего Улисси танылды. Astana Pro Team командасының өкілі Йеспер Хансен жарыс жеңімпазынан 12 секундқа қалып қойған. Елордалық ұжымның тағы бір шабандозы Андрей Зейц ондыққа енді.

«Түркия туры». Қорытынды

1. Диего Улисси UAE Team Emirates 23 сағат 07' 41''

2. Йеспер Хансен Astana Pro Team +12''

3. Фаусто Маснада Androni - Sidermec - Bottecchia +24''

4. Даниэль Мартинес Wilier Triestina - Selle Italia +29''

5. Йондер Годой Wilier Triestina - Selle Italia +30''

6. Ильдар Арсланов Gazprom - RusVelo +30''

7. Франческо Гавацци Androni - Sidermec - Bottecchia +42''

8. Пшемыслав Немец UAE Team Emirates +47''

9. Андрей Зейц Astana Pro Team +50''

10. Харлинсон Пантано Trek-Segafredo +1' 03''

Командалық есепте Astana Pro Team италиялық Wilier Triestina - Selle Italia, Сауд Арабияның UAE Team Emirates пен немістің BORA – HANSGROHE командаларын алға жіберіп, төртінші орынға жайғасты. Италиялық Wilier Triestina - Selle Italia командасы жалпыкомандалық есепте топ жарса, екінші сатыға Сауд Арабияның UAE Team Emirates ұжымы жайғасты. Үшінші орын немістің BORA – HANSGROHE команда бұйырған.

«Түркия туры». Жалпыкомандалық есеп

1. Wilier Triestina - Selle Italia 69 cағат 24' 56''

2. UAE Team Emirates +21''

3. BORA - HANSGROHE +1' 27''

4. ASTANA PRO TEAM +1' 41''

5. Caja Rural - Seguros RGA +2' 02''

6. Gazprom - RusVelo +2' 12''

7. Trek-Segafredo +2' 38''

8. Androni - Sidermec - Bottecchia +3' 24''

9. Bardiani - CSF +4' 11''

10. CCC - Sprandi - Polkowice +4' 18''

11. Түркия +8' 16''

12. WB - Veranclassic - Aquality Protect +10' 59''

13. Soul Brasil Pro Cycling Team +34' 36''

Қорыта келгенде 53-ші мәрте ұйымдастырылған «Түркия туры» веложарысы жоғары деңгейде өтті. Тарихы сонау 1963 жылы бастау алатын додаға биылғы жылы 13 ұжым қатысты. Елордалық Astana Pro Team фавориттердің қатарында болғанымен, түрлі қиындықтар мен себептердің әсерінен төртінші орынға тұрақтады.

Айбар Рысдәулет ProSports үшін арнайы Түркиядан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер