Велоспорт

Алматыда жиырмасыншы велошеру өтті

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін алып шаһарда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өткен жиырмасыншы велошеруге 500-ге жуық әуесқойлар қатысты.

Велошеру қатысушылары «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жиналып, 8 шақырым қашықтықты бағындырды.

Жиырмасыншы велошеру жөндеу жұмыстарынан кейін ашылған Астана алаңында аяқталды. Әдеттегідей, мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылды. Бүгін оның иегері Рүстем Аюпов атанды.

- Бұл спорттық шараның тұрақты қатысушысымын. Апта сайын қала тұрғындарымен бірге велоспортпен айналысамын. Бұл менің ұтып алған екінші велосипедім. Ең басты сый маған бұйырғанына аса қуаныштымын. Достарыммен бірге келіп, спортпен шұғылданып, жақсы уақыт өткіздік. Осындай мүмкіндік үшін ұйымдастырушыларға деген алғысым шексіз, - деп атап өтті жеңімпаз Рүстем Аюпов.

Еске сала кетсек, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудің 20 болып саналады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

Айта кетер жайт, келесі велошеру бұл веломаусымның соңғысы. Спорттық шара ұйымдастырушыларының айтуынша, салтанатты жабылу рәсімінде қала тұрғындарының басты сыйды жеңуге мүмкіндіктері көбею түседі. Өйткені, он велосипед және де көптеген бағалы сыйлықтар ойнатылып, сәті түскен қатысушыларға табысталатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер