Велоспорт

«Түркия туры». Сэм Беннет төртінші рет топ жарды

«Түркия туры». Сэм Беннет төртінші рет топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

«Түркия турының» бесінші кезеңі Astana Pro Team командасы үшін сәтсіз болды, деп хабарлайды ProSports сайты.

Сельчук қаласынан басталған бесінші кезең Түркияның Ыстамбұл мен Анкарадан кейінгі үшінші ірі қалада аяқталды. Велошабандоздар 166 шақырымды төрт сағатта бағындырды. Бұл кезең елордалық ұжым үшін сәтсіз өтті. Алдымен мәреге жетпіс шақырым жерде Astana Pro Team командасының шабандозы Дмитрий Груздев қалың қақтығыстың ортасында қалып қойды. Дегенмен мәреге жақын таулы бөлікте пелотонға қосылып, әріптесі Андрей Зейц екеуі команданың басты спринтері Рикардо Миналидің үздік үштікте болуына көмектесті. Дегенмен Astana Pro Team командасының бірде бір шабандозы алғашқы үштіктен көрінбеді. Мәре сызығын немістің ВORA командасының өкілі Сэм Беннет бірінші болып кесті. Ирландиялық шабандоз «Түркия турында» төртінші мәрте топ жарды. Оның артынан Түркия құрамасының шабандозы Ахмет Өркен келді. Ал Симоне Кансони алғашқы үштіктің қатарынан көрінді.

Astana Pro Team командасының шабандозы Рикардо Минали алтыншы орынға табан тіресе, Йеспер Хансен мен Андрей Зейц үзеңгілес келіп, 30 бен 31 орындарды бөліп алды. Дмитрий Груздев 53- ші, Жандос Бижігітов 56-шы, Руслан Тілеубаев 59-шы. Ал ең төменгі көрсеткінші Никита Стальновта. Жас шабандоз мәре cызығын 87-ші болып кесті.

Жарыстан кейін Astana Pro Team командасының шабандозы Дмитрий Груздев пікірімен бөлісті.

- Бұл жарыстағы ең қиын кезеңнің бірі болды. Жел қатты соқты, оның үстіне күн де ысып тұрды. Барлық командалар үздік шабандоздарын көш басында ұстағысы келді. Соңғы таулы бөлікте Біріккен Сауд Арабиясының командасы жылдамдығын үдете түсті.

Біз де спринтеріміз алда ұстағымыз келді. Біраз уақыт көмектестік. Дегенмен жақсы нәтиже көрсете білді, - деді Дмитрий Груздев

«Түркия туры». Төртінші кезең

1. Сэм Беннет BORA

2. Ахмет Өркен Түркия құрамасы

3. Симоне Кансоне UAE Team Emirates

6. Рикардо Минали Astana Pro Team

30. Йеспер Хансен Astana Pro Team

31. Андрей Зейц Astana Pro Team

53. Дмитрий Груздев Astana Pro Team

56. Жандос Бижігітов Astana Pro Team

69. Руслан Тілеубаев Astana Pro Team

87. Никита Стальнов Astana Pro Team

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер