Футзал

«Қайрат» «Столицадан» ұтылып қалды

«Қайрат» «Столицадан» ұтылып қалды
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Кубогының негізгі кезеңінде өнер көрсетіп жатқан алматылық «Қайрат» топтық кезеңдегі соңғы ойынын өткізді.

Какау шәкірттерінің бұл жолғы қарсыласы беларусьтік «Сталица» клубы болатын.

Ойын алматылық команда үшін сәтті басталды деуге келмейді. Кездесудің фавориті болған алматылық клуб тек бірінші таймның 16 минутында Шыңғыс Есенамановтың көмегімен есепті ашты. Ал алғашқы жартылықтың соңында Першин «Сталица» қақпасына пенальти соға алмады.

Айта кететін жайт, Какау бүгінгі ойынға дисквалификацияны өтеп жатқан Тайеби мен Дуглас ойынға қоса алмады.

Ал екінші таймда алматылықтар қарсылас қақпасына екі гол соғып, есепті 0:3 жеткезгенімен алаң иелері жігерлік танытты. Алаң қожайындары жоғарыда аталған есептен жеңісті жұлып алды. Нәтижесінде, «Қайрат» 3:5 есебімен ұтылып қалды.

Осылайша, «Столица» топта бірінші, «Қайрат» – екінші, ал «Пескара» үшінші орынмен Элиталық раундқа жолдама алды.

УЕФА Кубогы. Негізгі кезең. 1 топ. Үшінші ойын

«Қайрат» (Қазақстан)«Столица» (Беларусь) 3:5 (0:1)

«Қайрат»: Игита, Дуду, Сүлейменов, Жаманкулов, Есенаманов, Першин, Дрот, Тайнан, Алешандре, Даниэль, Лео, Нургожин

«Столица»: Чурилин, Ольшевский, Черник, Морено, Королишин, Поляков, Чибисов, Лазюк, Бето, Жданович, Н. Грицина, Горбенко, Щербич, М. Грицина

Голдар: Есенаманов 14 (1:0), Роса 33 (2:0), Есенаманов 34 (3:0) - Лазюк 36 (3:1),Морено 36 (3:2), Н. Грицина 38 (3:3), Черник 39 (4:3), Королишин (5:3)

Төреші: Тони Лехтинен (Финляндия)

14 қазан, Минск, «Уручье» СО

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер