SoccerMan
Футбол

Фавориттер күні – экспресс

Фавориттер күні – экспресс
news-banner7
mobile-news-top

Құрамалар матчынан кейін сағындырып клубтық чемпионаттар арамызға қайта оралды. Мұндай сәтте болжам жасау мүмкіндігін жіберіп алмайық.

Ағылшын Премьер-лигасы. 8-ші тур.

«Кристал Пэлас» - «Челси» 14.10.2017, 20:00

Бұл матчта «Челсидің» фаворит екенін айтудың да керегі жоқ шығар. Барлық көрсеткіш бойынша «ақсүйектер» мықты. Алаң иелері турнир кестесінде соңғы орында келеді. 7 матчтың жетеуінде де ұтылып қалды. Тіпті, әлі гол соға алмады. Олар ел чемпионынан ұпай жырып қалуға қауқарлы деп ойлайсыз ба? Мен олай ойламаймын. Сенімді болжам – «Челсидің» жеңісі.

Бәс: «Челсидің» жеңісі – 1.5 кэф

Франция 1-ші лигасы. 9-шы тур.

«Дижон» - ПСЖ 14.10.2017, 21:00

Бұл матч тағдыры да жоғарыдағы кездесу секілді. Айқын фаворит – қонақтар. Бірақ ПСЖ-ның жеңісіне ұсынылған коэффициент аз болғандықтан, сәл басқаша болжам жасап көрейік. «Дижон» - маусымдағы аутсайдерлердің бірі. Команда осы маусымдағы барлық матчта гол жіберген. Демек, Кавани болмаса да, Неймар мен Мбаппе бастаған қонақтар алаң иелеріне бірнеше гол соға алады. Оның үстіне, ПСЖ осы маусым өткізген 8 кездесуінің бесеуінде қарсыласын тас-талқан еткен – 27 гол соғып үлгерді. Енді «Дижонның» кезегі.

Бәс: ПСЖ-ның (-1,5) форасы – 1.44 кэф

Испания Ла Лигасы. 8-ші тур.

«Хетафе» - «Реал Мадрид» 14.10.2017, 20:15

Әңгіменің ашығын айтайық. «Реал» «Хетафені» қашан да ірі есеппен ұтады. Бұл командалардың өзара соңғы 7 матчы «Корольдік клубтың» ірі жеңісімен аяқталған. Сол 7 матчта «Хетафеге» 30 гол соққан екен – орташа есеппен әр матчта 4 голдан жоғары. Соңғы жеті матчтың алтауында Роналду алаңға шығып, «Хетафе» қақпасына 12 гол соққан. Демек, бұл клуб Роналдудың сүйікті командасы. Криштиану да қарап қалмас. Оның үстіне, дәл қазір «Реалға» жеңіс ауадай қажет. Ал біз «Реалдың» жәй ғана жеңісін алмайық. Кем дегенде 2 гол айырмашылығымен ұтады деп ойлаймын.

Бәс: «Реалдың» (-1,5) форасы – 1.83 кэф

Экспресс:

«Кристал Пэлас» - «Челси»: «Челсидің» жеңісі – 1.5 кэф

«Дижон» - ПСЖ: ПСЖ-ның (-1,5) форасы – 1.44 кэф

«Хетафе» - «Реал Мадрид»: «Реалдың» (-1,5) форасы – 1.83 кэф

Жалпы: 4.07 коэффицент

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер