Велоспорт

«Түркия туры». Йеспер Хансен көшбасшылар қатарында

«Түркия туры». Йеспер Хансен көшбасшылар қатарында
news-banner7
mobile-news-top

«Түркия турының» төртінші таулы кезеңінде Astana Pro Team командасының шабандозы Йеспер Хансен мәре сызығын екінші болып кесті, деп хабарлайды ProSports сайты.

Шабандоздар Мармарис қаласынан Сельчук шаһарына дейін 205 шақырым жолды жүріп өтті. Бұл «Түркия турындағы» ең таулы кезеңдердің бірі болған. Финалдық бөлік үш шақырымдық таулы кезеңнен тұрды. Тартыс соңғы үш шақырымда өрбіді. Astana Pro Team командасының шабандозы Йеспер Хансен көщ тізгінін өз қолына алып, шабуылға шықққанымен ұзақ өтпестен қарқындылығы бәсеңсіп қалды. Бұл сәтті пайдаланған UAE Team Emirates командасының спортшысы Диего Улисси алға ұмтылды. Соңғы 500 метрде алдына жан салмай, мәре сызығын бірінші болып кесті. Ал Astana Pro Team командасының шабандозы Йеспер Хансен италиялық спортшыдан қас-қаһым сәт қалып қойды. Үздік үштікті Даниэль Мартинес түйіндеді.

Astana Pro Team командасының тағы бір шабандозы Андрей Зейц мәреге үздік ондықтың қатарында келді. Елордалық ұжымның өкілі Жандос Бижігітов мәре сызығын отыр екінші болып кессе, Дмитрий Груздев пен Никита Стальнов үзеңгілес келді. Руслан Тілеубаев 70-ші, ал Рикардо Минали 78-ші болып келді.

«Түркия туры». Төртінші кезең

1. Диего Улисси UAE Team Emirates

2. Йеспер Хансен Astana Pro Team

3. Данэиль Мартинес Wilier Triestina

10. Андрей Зейц Astana Pro Team

32. Жандос Бижігітов Astana Pro Team

57. Дмитрий Груздев Astana Pro Team

59. Никита Стальнов Astana Pro Team

70. Руслан Тілеубаев Astana Pro Team

78. Рикардо Минали Astana Pro Team

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер