Велоспорт

Дмитрий Седун: Бар үмітіміз Хансен мен Зейцте

Дмитрий Седун: Бар үмітіміз Хансен мен Зейцте
news-banner7
mobile-news-top

«Түркия Турының» төртінші туры алдында «Astana Pro Team» командасының спорттық директоры Дмитрий Седун ProSports тілшісіне шабандоздардың жағдайы туралы айтып берді.

- Меніңше бүгінгі кезең шабандоздардың қорытынды нәтижесіне өз әсерін тигізеді. Өйткені мәре таулы болмақ. Шабандоздар мәреге дейін үш шақырымдай таулы кезеңді басып өтеді. Дегенмен кімнің топ жаратынын алдын ала айта алмаймын. Әр команданың тактикалары әр түрлі. Оның үстіне ұзақ кезең.

Жағдайға қарап қисылдаймыз. Негізі мұндай кезеңде біздің жігіттер өздерін көрсетулері тиіс. Қарсыластарымыз шаршап, бәскелестік жоғары болған кезде біздің шабандоздар сәтті қимылдай алады.

Финалдық бөлік соншалықты ұзақ емес. Бар болғаны үш шақырымды құрайды. Менің ойымша таулы кезең мықтыларды анықтайтын нағыз уақыт. Хансен мен Зейцтен жақсы нәтиже күтуге болады. Жалпыкомандалық есепте топ жаруды көздесек, кем дегенде үш шабандозымыз таулы кезеңді жақсы нәтижемен аяқтау қажет, - деді «Astana Pro Team» командасының спорттық директоры Дмиртий Седун.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер