Велоспорт

«Түркия туры». Үшінші кезең Astana Pro Team үшін сәтсіз болды

«Түркия туры». Үшінші кезең Astana Pro Team үшін сәтсіз болды
news-banner7
mobile-news-top

«Түркия турының» ең қысқа кезеңінде Astana Pro Team командасының шабандоздары көңіл көншітерліктей нәтиже көрсете алмады, деп хабарлайды Prosports.

129 шақырымға созылған үшінші кезең Фетхие қаласынан басталып, Мармарис қаласында аяқталды. Жергілікті уақытпен 13:30-да басталған жарыс үш жарым сағаттан соң аяқталды. Үшінші күн қатарынан немістің BORA - HANSGROHE командасының Сэм Бэннет топ жарды. Ал екінші болып Trek-Segafredo командасының шабандозы Эдвард Тёнс мәре сызығын кесті. Белгиялық спортшы велокөпкүндіктің алғашқы күні үздік үштікті қорытындыласа, күні кеше екінші орыннан көрінген. Ал үздік үштікті Симоне Консонни (UAE Team Emirates) түйіндеді.

Astana Pro Team командасының сапынан үздік нәтижені Андрей Зейц көрсетті. Ол мәреге 20-шы болып келген. Оның артынан Йеспер Хансен келді. Ал екінші кезеңде үздік үштіктен түйіндеген Рикардо Минали бар болғаны 56-шы орыннан көрінді.

«Түркия туры». Үшінші кезең

1 Сэм Беннет BORA - HANSGROHE 3 сағат 25' 26''

2 Эдвард Тёнс Trek-Segafredo

3 Симоне Консонни UAE Team Emirates

4 Мануэль Беллетти Wilier Triestina - Selle Italia

5 Андреа Вендраме Androni - Sidermec - Bottecchia

6 Франческо Гавацци Androni - Sidermec - Bottecchia

7 Винченцо Альбанезе Bardiani - CSF

8 Эдуард Прадес Caja Rural - Seguros RGA

9 Йонас Кох CCC - Sprandi - Polkowice

10 Ахмет Оркен Түркия құрамасы

20 Андрей Зейц Astana Pro Team

21 Йеспер Хансен Astana Pro Team

40 Жандос Бижігітов Astana Pro Team

55 Дмитрий Груздев Astana Pro Team

56 Рикардо Минали Astana Pro Team

73 Никита Стальнов Astana Pro Team

90 Руслан Тілеубаев Astana Pro Team

Үшінші кезең аяқталған тұста Astana Pro Team командасы сапынан үздік нәтижені көрсеткен Андрей Зейц пікірімен бөлісті.

- Үшінші кезеңде белсенді қимылдадық. Екі рет екі шақырымдық тауға көтерілдік. Соңғы шақырымдарда көшбасшы топтың қатарында болдық. Жоспар бойынша жұмыс істедік. Жалпы алғанда жақсы күн болды, - деді Андрей Зейц,

Жалпы алғанда үшінші күннің қорытындысы бойынша Сэм Беннет көш бастап келеді. Ал екінші орында Эдвард Тенс. Сондай-ақ үштіктің қатарында Симоне Консони бар.

1 С. Беннет 13 сағат 24' 28''

2 Э. Тёнс +14''

3 С. Консонни +26''

4 В. Альбанезе +29''

5 Д. Улисси +29''

6 Ф. Гавацци +29''

7 М. Маэстри +29''

8 М. Беллетти +30''

9 А. Оркен +30''

10 Э. Барбин +32''

Жалпыкомандалық есепте Androni ұжымы көш бастап келеді. Италиялық Bardiani - CSF екінші орында. Немістің BORA - HANSGROHE командасы үштікте. Astana Pro Team бесінші орынға жайғасқан.

«Түркия туры». Жалпыкомандалық есеп

1 Androni - Sidermec - Bottecchia 40ч 14' 56''

2 Bardiani - CSF +2''

3 BORA - HANSGROHE +2''

4 Wilier Triestina - Selle Italia +2''

5 Astana Pro Team +2''

6 Trek-Segafredo +2''

7 UAE Team Emirates +2''

8 Caja Rural - Seguros RGA +4''

9 Gazprom - RusVelo +4''

10 CCC - Sprandi - Polkowice +4''

Ертең жарыстың төртінші күні өтеді. Төртінші кезең Мармарис пен Сельчук қалаларын жалғап, 205 шақырымға созылады. Жарыстың бесінші күні шабандоздар Сельчуктен Измирге дейін 166 шақырымды жүріп өтеді. Ал веложарыс Ыстамбұл қаласында аяқталады. Соңғы кезең 144 шақырымға созылады.

Айта кетейік, 53-ші мәрте ұйымдастырылғалы отырған халықаралық жарысқа елордалық ұжымнан бөлек Италия, Испания, Германия, Біріккен Араб Әмірлігі, Түркия сияқты елдерден 12 команда қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер