Футзал

«Қайрат» екінші ойында «Динамоны» жеңді

«Қайрат» екінші ойында «Динамоны» жеңді
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Кубогының негізгі кезеңінде өнер көрсетіп жатқан алматылық «Қайрат» топтық кезеңдегі екінші ойынын өткізді.

Какау шәкірттерінің бұл жолғы қарсыласы ресейлік «Динамо» клубы болатын.

Ойын алматылық команда үшін сәтті басталды деуге келмейді. Бұрыштан доп қосқан «Динамо» ойыншылары кездесуде есепті ашып кетті. Алайда, «Қайрат» командасының ойыншысы Тайнан қос гол соғып, қазақстандық команда есепте алға шыққан. Осы есеппен қос команда бірінші таймды қортындылады.

Ал екінші таймда ойын толығымен «Қайраттың» үстемдігімен өтті. Кездесудің екінші бөлігінде Какау шәкірттері бес гол соқса, «Динамо» жігіттері жалғыз доппен жауап қата алды. Қортынды есеп 2-7. Алматылық ұжым бұл ойында да анау айтқандай қарсылықсыз жеңіске жетті.

«Динамо» (Мәскеу) — «Қайрат» (Алматы) 2:7 (1:2)

Голдар: Карпюк 9 (1:0), Тайнан 10 (1:1), Тайнан 11 (1:2), Тайеби 23 (1:3), Есенаманов 29 (1:4), Тайнан 33 (1:5), Орлов 35 (2:5), Тайеби 36 (2:6), Есенаманов 37 (2:7)

Ескерту алғандар: Дуглас Жуниор 38, Тайеби 39, Игита 40

«Динамо»: Геджуа, Родин, Орлов, Ларин, Поглазов — Туринцев, Дроздов, Карпюк, Погосян, Графский, Крутицкий, Коридзе;

«Қайрат»: Игита, Тайнан, Сүлейменов, Алешандре Мораес, Дуглас Жуниор — Дуду, Жаманқұлов, Даниэл Роса, Лео, Першин, Дрот, Тайеби, Нұрғожин, Есенаманов

Естеріңізге салсақ, алғашқы ойында Какау командасы Италия чемпионы «Пескараны» 5:1 есебімен жеңген. Ал «Динамо» болса алғашқы ойынде жергілікті «Столицадан» 5-3 есебімен жеңіліп қалған еді.

«Қайрат» топтағы соңғы ойынын ертең минскілік «Столицаға» қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер