Велоспорт

Жарақат алған велошабандоздың жағдайы жақсы – Андрей Миxайлов

news-banner7
mobile-news-top

Түркия турының Кумлуджа-Фетxие арасындағы кезеңінде «Астана» сапындағы Сергей Чернецкий құлап, ауруxанаға жеткізілді. Astana Pro Team бас дәрігері Андрей Миxайлов журналистерге Сергейдің қазіргі жағдайы туралы сұxбат берді.

«Сергей Чернецкийдің қатты құлағанын білесіздер. Ол жергілікті госпиталде тексеруден өтті. Сергей көп жарақат алды. Жарақаттың көп бөлігі иегінде, тізе буынына да зақым келді. Бас сүйегін рентгенге түсіріп, тексеру жүргіздік, томография жасадық. Еш жері сынбады, Құдайға шүкір. Мидың шайқалуы сипмтомы, есте сақтау қабылетінен айрылу, естен тану жоқ. Барлығы жақсы. Қысымы тұрақты», - деп мәлімдеді Андрей Миxайлов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер