Футзал

«Қайраттың» қарсыласы - «Столица»

«Қайраттың» қарсыласы - «Столица»
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан УЕФА Кубогы Негізгі кезеңінде «Қайраттың» соңғы қарсыласы белорусьтік «Столица» болмақ. Prosports.kz І топтың қожайынымен таныстырмақ.

Матч 14 қазанда өтеді, ойынды QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетпек. Басталуы – Астана уақытымен 16:20-да.

Естеріңізге салсақ, бірінші турда «Қайрат» «Пескараны» тас-талқан еткен болатын.

11 қазанда «Столица» УЕФА Кубогына екінші рет қатысты. Минскі тұрғындары тұңғыш рет еурокубокта футзалдың «майданына» куә болмақ. 1-ші топта «Столицадан» бөлек, алматылық «Қайрат», мәскеулік «Динамо» мен италиялық «Пескара» ойнайды. Бұл топтан үш клуб Элиталық кезеңге өтеді.

Белорусьтік фанаттар үшін нағыз футзал мерекесі басталды. Себебі Минскіге УЕФА Кубогының екі дүркін чемпионы, Әлем Суперкубогының иегері, Қазақстанның 15 дүркін чемпионы «Қайрат», УЕФА Кубогының 5 дүркін финалисі, Ресей чемпионатын 11 мәрте жеңіп алған, Құрлықаралық кубоктың иегері «Динамо» және Италияның 2 дүркін чемпионы «Пескара» келді.

«Қайрат» «Столицамен» топта соңғы болып ойнайды. Сонда да белорусьтік ұжымды таныстырып өтелік.

Бұл клуб 2013 жылы 1 шілдеде Минскіде құрылған. «Столицаның» құрылғанына төрт жыл болса да, клуб басшылығы алдына тек жоғары мақсаттар қойып отыр. 1-ші топта өз алаңында қабылдап жатқан «Столица» өте ауыр квартетте сенсация жасап, Элиталық кезеңге жолдама алуды ойластырып жатыр. Алғашқы ойын сәтті өтті – «Динамоны» 5:3 есебімен жеңді.

Сондай-ақ, «Столица» біздің «Қайрат» секілді футзалды бүкіл елде дамытуға тырысып жатыр.

Стадион: «Уручье» спорт сарайы

Сыйымдылығы: 3000

Бас бапкер: Андрей Толмач

Жетістіктері

УЕФА Кубогы – 2014/15: Негізгі кезеңге қатысты

Беларусь чемпионаты

2016/17 маусым – жеңімпаз

2015/16 маусым – қола жүлдегер

2014/15 маусым – қола жүлдегер

2013/14 маусым – жеңімпаз

Беларусь кубогы

2016/17 маусым – ширек финал

2015/16 маусым – 1/8 финал

2014/15 маусым – жеңімпаз

2013/14 маусым – жартылай финал

Беларусь Суперкубогы

2016/17 маусым – күміс жүлдегер

2014/15 маусым – күміс жүлдегер

2013/14 маусым – жеңімпаз

УЕФА турнирлеріндегі статистикасы

Ең ірі жеңісі:

30.08.2014, Столица 12:3 Швац

Ең ірі жеңілісі:

01.10.2014, Столица 7-10 Спортинг Париж

Ең көп матч өткізгендер: 6

Александр Черник (Беларусь)

Сергей Кузнецов (Беларусь)

Дмитрий Поляков (Ресей)

Евгений Юнаков (Украина)

Дмитрий Сильченко (Украина)

Владимир Жданович (Украина)

Александр Чибисов (Украина)

Михаил Зрубович (Беларусь)

Сергей Пилецкий (Беларусь)

Үздік сұрмерген: 8

Денис Гуменюк (Украина)

Соңғы еурожорығы:

2014/15 маусым

Кезең: Негізгі кезең

Ойын: 6

Жеңіс: 4

Жеңіліс: 2

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер