Велоспорт

«Түркия туры». Риккардо Минали үздіктер қатарында

«Түркия туры». Риккардо Минали үздіктер қатарында
news-banner7
mobile-news-top

«Түркия турының» екінші кезеңінде Astana Pro Team командасының шабандозы Риккардо Минали үздік үштікке ілінді, деп хабарлайды Prosports.

Велокөпкүндіктің екінші күні шабандоздар Кумлуджа қаласынан Фетхиеге дейін 206 шақырым жүріп өтті. Astana Pro Team командасы мәреге жеті шабандозбен келді. Кезеңнің жетпісінші шақырымында Сергей Чернецкий ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Соңғы шақырымда шабуылға шыққан алғашқы топтың ішінде елордалық ұжымның шабандозы Риккардо Минали үздік үштікке ілінді. Мәре сызығы немістің BORA - HANSGROHE командасының өкілі Сэм Беннет бірінші болып кесті. Жарыстың алғашқы күні де Сэм Беннет үздік нәтижені көрсеткен. Екінші болып мәреге Trek-Segafredo командасының шабандозы Эдвард Тёнс келді. Айта кетейік, үздік үштікке ілінген Astana Pro Team ұжымының шабандозы Риккардо Минали кеше мәрені алтыншы болып кескен.

«Түркия туры». Екінші кезең

1 Сэм Беннет 6 сағат 02' 05''

2 Эдвард Тёнс 6 сағат 02' 05''

3 Риккардо Минали 6 сағат 02' 05''

4 Марко Бенфатто 6 сағат 02' 05''

5 Симоне Консонни 6 сағат 02' 05''

6 Мануэль Беллетти 6 сағат 02' 05''

7 Давиде Баллерини 6 сағат 02' 05''

8 Ахмет Оркен 6 сағат 02' 05''

9 Паоло Симион 6 сағат 02' 05''

10 Франтишек Сиср 6 сағат 02' 07''

12 Руслан Тлеубаев 6 сағат 02' 07''

21 Андрей Зейц 6 сағат 02' 07''

23 Йеспер Хансен 6 сағат 02' 07''

Ертең үшінші, ең қысқа кезең өтеді. Шабандоздар 129 шақырымға созылатынын Фетхие - Мармарис бағытын басып өтеді. Төртінші кезең Мармарис пен Сельчук қалаларын жалғап, 205 шақырымға созылады. Жарыстың бесінші күні шабандоздар Сельчуктен Измирге дейін 166 шақырымды жүріп өтеді. Ал веложарыс Ыстамбұл қаласында аяқталады. Соңғы кезең 144 шақырымға созылады.

Айта кетейік, 53-ші мәрте ұйымдастырылғалы отырған халықаралық жарысқа елордалық ұжымнан бөлек Италия, Испания, Германия, Біріккен Араб Әмірлігі, Түркия сияқты елдерден 12 команда қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер