Велоспорт

Йеспер Хансен: Жарақат алған жоқпын

Йеспер Хансен: Жарақат алған жоқпын
news-banner7
mobile-news-top

«Түркия турының» алғашқы кезеңінде қарсыластарымен соқтығысып қалған Astana Pro Team командасының шабандозы Йеспер Хансен ProSports тілшісіне жағдайы туралы айтып берді.

- Мәреге бірнеше шақырым қалғанда алдымда келе жатқан бір топ шабандоздар соқтығысты. Жылдамдығым өте жоғары болғанының себебінен тоқтай алмайтынымды жақсы түсіндім. Құлаудың алдын алуға да әрекет жасамадым. Дегенмен жолым болды. Құлаған сәтте аунап барып, жасыл шөпке түстім. Тіпті кішігірім жарақат алған жоқпын, - деді Astana Pro Team командасының шабандозы.

Алания қаласынан бастау алған турдың алғашқы кезеңі 177 шақырымға жалғасып, Кемер қаласына келіп тоқтады. Таулы кезеңді шабандоздар төрт сағатта жүріп өтті. Astana Pro Team командасының шабандоздары бірнеше мәрте шабуылға шығып, пелотонның көшін бастаған. Мәреге бір жарым шақырым қалғанда Astana Pro Team командасының төрт бірдей шабандозы шабуылға шықты. Алайда бірер минуттан соң Йеспер Хансен соқтығысып қалып, көштің тізгінін беріп қойды. Елордалық ұжымның сапынан ең үздік нәтижені Риккардо Минали көрсетті. Ол алғашқы кезеңді алтыншы орында аяқтады. Мәре сызығын алғаш болып BORA - HANSGROHE командасының шабандозы Сэм Беннет кесті. Ол 177 шақырымды 3 сағат 57 минутта басып өтті. Ал оның артынан Аndroni - Sidermec - Bottecchia командасының өілі Марко Бенфатто келді. Ал үздік үштікті Эдвард Тёнс (Trek-Segafredo) түйіндеді.

Бүгінгі жарыстың ең ұзағы – Кумлуджа мен Фетхие арасындағы екінші кезең өтеді. Ал үшінші кезең, керісінше, ең қысқасы. Шабандоздар 129 шақырымға созылатынын Фетхие - Мармарис бағытын басып өтеді. Төртінші кезең Мармарис пен Сельчук қалаларын жалғап, 205 шақырымға созылады. Жарыстың бесінші күні шабандоздар Сельчуктен Измирге дейін 166 шақырымды жүріп өтеді. Ал веложарыс Ыстамбұл қаласында аяқталады. Соңғы кезең 144 шақырымға созылады.

Айта кетейік, 53-ші мәрте ұйымдастырылғалы отырған халықаралық жарысқа елордалық ұжымнан бөлек Италия, Испания, Германия, Біріккен Араб Әмірлігі, Түркия сияқты елдерден 12 команда қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер