Criminals
Бокс

Танымал америкалық актер жайлы не білеміз?

Танымал америкалық актер жайлы не білеміз?
news-banner7
mobile-news-top

Дэн (Дэнни) Трехо (1944 жылы 16 мамырда Лос-Анджелесте дүниеге келген ) — режиссёр Роберт Родригестің «От заката до рассвета», «Дети шпионов», «Мачете», сонымен қатар «Ягуар», «Инферно» және «Хищники» фильмдерінде жағымсыз рөлдерді сомдаған танымал америкалық актер.

Балалық шағы

Дэнни Трехоның тегі мексикалық. Оның әкесі Дан Трехо құрылысшы болған. Трехо танымал кинорежиссёр Роберт Родригестің аталас туысы болып келеді. Алайда, аталмыш факт «Отчаянный» фильмін түсіру кезінде анықталған. Туыстығы белгілі болған соң Роберт Дэниді өзінің бірнеше фильмдеріне түсірген.

Жас кезінде Трехо кішігірім көше қылмыстарын көп жасап, ақыры аяғы героинге де отырған. Полицейлер оны бірнеше рет тұтқындап, жауапкершілікке де тартқан. Көшеде ол жұдырықтасу қабілетін жетілідіріп, боксқа да қатысқан. Алайда, Дэннидің кәсіпқой боксшы болу арманы ұзақ уақыт абақтыда отыруына байланысты үзілген еді.

Ол Холмсбург түрмесінде наша мен ұрлық үшін 12 жыл отырды. Түрмеде Трехо бокстан жеңіл және орта салмақта Пенсильвания штатының чемпионы атанды. Сол жылдары ол есіртікіден тәуелділігін де ұтқан болатын.

Оның айтуынша, «Қылмыскерлердің рөлін сомдау себебім, жастарға бұл жол қысқа әрі түрме не зиратпен аяқталатынын көрсетікім келеді»

Кинодағы жолы

«Мен киноға кездейсоқ келдім. Ассистент жігітке есірткіден «секіру» жолын көрсетуге келгенмін. Осы күнге дейін ол ісіммен айналысып келемін. Мектептегі балаларға есіртікінің зияны жайлы дәрістер өткізіп тұрамын».

Енді міне. Ана жігіт маған хабарласып: «Дэнни, мен кокс көріп алдым, ұшып кететін сияқтымын». Сол 1985-ші жылдары индустрия бастан аяқ кокаинде еді. Ал мен оны қолдауға келген едім. Қарасам бірнеше жігіт сотты болған адам болып киініп, денелеріне жалған әшекей суреттер салып алған — түртіп қалсаң сүртіліп қалады. Сол сәтте менің шәкіртім маған: «Отырып шыққан адамның рөлін сомдай аласың ба?» — деді. Мен өмірімде олай күлген емеспін: Мен штаттың барлық түрмелерінде отырып шыққанмын. Біраз уақыттан кейін өзімді сынап көрейін деп шешініп жатсам, актерлар денемдегі шынайы татуировкаларды көріп барлығы аң-таң болды. Олар: «Ойбай», - дегені әлі есімде.

Сол түсірілім барысында маған бір аға келіп: «Трехо, қалайсың. Жартылай орта салмақта Сан-Квентина штатының чемпионы атанғаның есімде». Қарасам — Эдди Банкер, біз екеуміз бірге отырғанбыз. Ол сценарист екен. Ол меннен әлі жұдырықтасасың ба деп сұрады, сөйтсем бір актерға бокстасуды үйрету керек екен. Мен оған: «Көпшілікте түсу үшін 15 доллар төлейді, ал бапкер қанша алады?» Ол маған: «320. Сен бірақ жігітпен жай істе ол жұлқыншақ». Күніне 320 доллар! Мен 320 үшін Годзилланың көтін айырар едім. Сөз соңы мен Эрик Робертсті жаттықтыратын болдым. Негізі ол меннен қатты қорқатын. Не айтсам, соны істейтін. Оған Андрей Кончаловский куә. Эрик екеуінің арасы дұрыс болмайтын. Сол себепті Андрей маған кинодан роль берген еді. Маған келіп: «Сені киноға аламын. Эрикті ұрып тұрасың», - деген еді.

Суретте солдан оңға қарай: Квентин Тарантино, Антонио Бандерас, Эдди Банкер.

Сосын оқиға қайталана бастады. Мені көпшіліктен алып шығып, ерекше атай бастады. Бес жыл бойы Қылмыскер №1 рөлін сомдап, «Қыр бәрін!» деген сөзді айтып келдім.

Бір күні бір режиссер келіп қолыма мылтық берді: «Есікті сындырып кір де, ары қарай өзіңнің ойыңды қос», - деді. Есіктің ар жағында адамдар покер ойнап отырған болатын. Мен есікті сындырып кірдім, біреуі атылған еді бетінен мылтықтың түбімен ұрып құлаттым, артынан бір бикеш орындығынан тұрған сәтінде самайына бытырамды тіредім. Режиссёр өзіне келе алмай: «Құдайым-ау Дэнни, мұндайды қайдан үйрендің?» Ал мен: «Есіме түсірейін. Von’s супермаркетін тонадым. Safeway, Thrifty Mart» дүкендеріне ... Бір сөзбен тәжірибе болды»

Түрмеден шыққан соң Дэнни «Поезд-беглец» фильміне түсті.

Осыдан кейін Трехоның кино саласында кірішіксіз мансабы басталды. Ол танымал фильмдердің көбінде гангстер мен жаман адамдардың рөлін сомдады. Нәтижесінде, жалпы саны екі жүзден астам кино мен телесериалдарға түсті. Нақтырақ айтсақ, «Секретные материалы» сериалының сегізінші маусымында, «Отчаянные домохозяйки» (2 маусым, 8 эпизод), 1996 году жылы Sepultura Attitude тобының клипіне, 2000 жылы Чак Норриспен «Крутой Уокер: правосудие по-техасски», «Во все тяжкие», «Кости», «Искатель» киноларына түсті.

Айта берсең Дэнни Трехо ойнаған фильм өте көп. Тіпті сол жылдары талай талқыға түскен «От заката до рассвета» фильмінің үш бөліміне де түсті.

Бұл керемет актердің қиын өміріндегі таң қаларлық оқиғасы осындай!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер