Теннис

Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасы атануға жақын

Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасы атануға жақын
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингі шықты.

Рейтингте жаңа көшбасшы - румыниялық Симона Халеп. Екінші орында Испания қызы Гарбинье Мугуруса. Үздік үштікте Каролина Плишкова.

Ал қазақстандық теннисші қыздар арасында үздік көрсеткіш әлі де Юлия Путинцеваға тиесілі. Ол өткен рейтингімен салыстырғанда жеті сатыға құлдырап 54-орынға жайғасты.

Зарина Дияс болса керсінше бір сатыға көтеріліп, 62- орынға тұрақтады.

Ал Ярослава Шведованың жағдайы мүлдем қиын. Ол өткен айда 151-орында болса, осы жолы 290-орынға бір-ақ түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер