Велоспорт

Италияда «Granfondo Campagnolo» веложарысы өтті

news-banner7
mobile-news-top

Италия астанасы Римде «Granfondo Campagnolo» деп аталатын көпшілік жаппай қатысқан веложарыс өтті.

Бұл – әлем велоспортындағы ең ірі шаралардың бірі. Колизей етегінен басталған жарыс жолына 6,5 мыңнан астам адам шықты. Шараға сайыскерлер дүние жүзінің 50 елінен келді. Қонақтар арасында үлкен спортпен таяуда ғана қоштасқан «Астана» құрамасының бұрынғы велошабандозы Паоло Тиралонго да бар. 120 шақырымға созылған жарыс жолы шаһардың тарихи орталығы және жоталы аудандарын кесіп өтті. 4 бөліктен тұратын әр кезеңде алғашқы болып өткендердің уақыттары белгіленіп, дәл осы көрсеткіштер негізінде жеңімпаздар анықталды. Бұдан бөлек ескі велосипедпен жарысушылар арасында дәстүрлі сайыс та өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер