Бокс

Момынов BoxRec рейтингінде 354 сатыға көтерілді

Момынов  BoxRec рейтингінде 354 сатыға көтерілді
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов соңғы жеңісінен кейін өз дивизионының рейтингінде 354 сатыға көтерілді.

Бір күн бұрын 25 жастағы Момынов Буэнос-Айресте (Аргентина) кездесу өткізген еді. Ол бесінші раундта жергілікті Леонардо Фабио Амитраноны техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Бұл жеңісінің арқасында Момынов BoxRec рейтингіндегі жағдайын біршама жақсартып алды. Қазіргі таңда жерлесіміз жартылай орта салмақ рейтингісінде 310-шы орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Момыновтың кәсіпқой рингте төрт кездесу өткізіп, барлығында нокаутпен жеңіске жеткен. Ал бастапқы үш жекпе-жегін АҚШ-та өткізген.

Естеріңізге салайық, Бобыржан Момынов Головкин – Альварес кездесуінің алдында «Канелоның» спарринг серіктесі болған.

Фотолар: Бобыржан Момыновтың Фейсбуктегі жеке парақшасынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер