SoccerMan
Футбол

Экспресс – 2.75 кэф

Экспресс – 2.75 кэф
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдегі әлем чемпионатына жолдама алу үшін тартыс жалғасуда. Құрамалар шешуші матчтарын өткізіп жатыр. Біз де сол сәтті құр жібермей, экспресс алып көрелік.

Хорватия – Финляндия

Хорваттардың бүгінде көш басында келе жатқаны әлі ештеңе білдірмейді. Себебі Хорватия мен екінші орындағы Исландияда 16 ұпайдан бар. Түркия мен Украина өз еншілеріне 14 ұпайдан жазды. Бұл топта алғашқы орынға талас ең соңына дейін жалғаспақ. Сондықтан, хорваттарға өз алаңында жеңіс ауадай қажет. Оның үстіне, қонаққа финдер келе жатыр. Анығын айтқанда, қауқарлы құрама деуге келмес. Хорваттар өз алаңында кем дегенде екі гол соғуы тиіс.

Бәс: Хорватияның тоталы 1,5-нан көп – 1.29 коэффициент

Испания – Албания

Бұл ойында алаң иелерінің жеңісін алу – мағынасыз. Сондықтан, сәл басқаша болжам алайық. Испанияның осы іріктеу кезеңіндегі соңғы бес матчында кем дегенде үш гол соғылған. Сондықтан, бүгінгі ойында да қос құрама екеулеп жүріп үш гол соғады деп ойлаймын.

Бәс: Матч тоталы 2,5-нан көп – 1.3 коэффициент

АҚШ – Панама

Бұл экспрессте алған жалғыз жеңісіміз. Америкалықтарға әлем чемпионатына тікелей өту үшін бүгін жеңіске жету қажет. Оның үстіне, өзінің негізгі бәсекелесі Панамамен кездеспек. Алғашқы ойында командалар тең тарқасқан болатын. Ал АҚШ-та алаң иелері жеңіске жетеді деген болжамым бар.

Бәс: АҚШ-тың жеңісі – 1.59 коэффициент

Экспресс:

Хорватия – Финляндия: Хорватияның тоталы 1,5-нан көп – 1.29 кэф

Испания – Албания: Матч тоталы 2,5-нан көп – 1.3 кэф

АҚШ – Панама: АҚШ-тың жеңісі – 1.59 кэф

Жалпы: 2.75 кэф

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер