Бокс/Күрес/ММА

UFC шаршы алаңына қазақ файтерлері қашан шығады

UFC шаршы алаңына қазақ файтерлері қашан шығады
news-banner7
mobile-news-top
ММА, панкратион және греплинг федерациясының құрметті президенті Айдар Махметов АҚШ-тың Лас- Вегас қаласындағы UFC (Ultimate Fighting Championship) алаңына тұңғыш қазақ қашан шығады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Меніңше, UFC алаңына шығу қазақстандық ММА шеберлері үшін айқын мақсатқа айналды. Егер этникалық тұрғыдан қарайтын болсақ, UFC алаңына 2014 жылы тұңғыш қазақ шығып қойған. Оның аты - Жұмабек Тұрсын. Бірақ, ол Қытайдың атынан шықты. Осы жолы Астанада ММА-дан өтетін жарысқа да Қытай құрамасының сапында екі қазақ келе жатыр. Бұл нені білдіреді? Демек, жекпе-жек өнері біздің қанымызда бар деген сөз. Ал нақты қазақстандық файтерлерге қатысты айтар болсақ, иә, UFC-да бірде бір отандасымыз өнер көрсеткен жоқ. Қайрат Ахметовтің екі жыл бұрын айтарлықтай мүмкіндігі бар еді. Десе де, ол OneFC -мен келісімшартқа отыруды жөн деп тапты. Менің ойымша, орта салмақта Қайрат UFC-дің көркін қыздыра түсер еді», - дейді ол.
Сонымен қатар, Айдар Махметов ірі шаршы алаңдарда өздерін көрсете алатындай спортшылардың есімін атады. «Арман Оспанов ACB-мен келісімшартқа отырды. Осы екі мықты UFC алаңының шаңын қағар еді. Олардан бөлек, Игорь Свирид, Санжар Әділов пен Еркінбек Інжелдің де мүмкіндіктері зор. Олардың бәрі жас», - дейді ол.
Еске сала кетсек, қазан айының 6-7 күндері Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Бүкіләлемдік ММА қауымдастығының нұсқасы бойынша ММА-дан V әлем чемпионаты өтеді. Айтулы додада әлем елдерінен келген 150-ден аса спортшы бақ сынаспақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер