Теннис

Астанада «World Tour Grand Finals» турнирі өтеді

Астанада «World Tour Grand Finals» турнирі өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Желтоқсанның 14-17 аралығында Астананың «Дәулет» спорт кешенінде үстел теннисінен әлемдік «World Tour Grand Finals» турнирі өтеді. Осыған байланысты бүгін Орталық коммуникация орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосқан шараға ҚР үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Серік Қасқабасов, ҚР Мәдениет және спорт министрілігі Спорт және денешынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев және әлемдік «World Tour Grand Finals» турнирінің ұйымдастыру комитетінің өкілі Бақытбек Хамит қатысты.

Жиында бірінші болып сөз алған ҚР үстел теннисі федерациясының бас директоры Серік Қасқабасов алдағы өтетін халықаралық турнирдің маңызына тоқталды.

- Үстел теннисі бойынша әлемдегі ең ірі жарыстардың бірі саналатын «World Tour Grand Finals» турнирі деңгейі жағынан Олимпиада мен әлем чемпионатынан кейінгі орында тұр. Оған әлемдік рейтинг бойынша көш бастап тұрған үздік 16 теннисші ғана (ерлер мен әйелдер) қатысады. Сонымен қатар, жұптық сайыста әлемдік турдың он екі кезеңінде жоғары ұпай жинаған спортшыларға жолдама беріледі. Астанаға келетіндердің арасында 5 Олимпиада чемпионы, 9 әлем чемпионы атағына ие болған спортшылар бар, - деді Серік Сейітұлы.

«World Tour Grand Finals» турнирі биылғы жылы өткен 12 кезеңнің қорытынды жарысы болмақ. Бұған дейінгі кезеңдер Будапешт (Венгрия), Нью-Дели (Үндістан), Инчхон (Оңтүстік Корея), Панагюриште (Болгария), Оломоуц (Чехия), Стокгольм (Швеция), Доха (Катар), Токио (Жапония), Чэнду (Қытай), Брисбен (Австралия), Линц (Австрия) және Магдебург (Германия) қалаларында өтті.

Астанадағы турнирді әлемнің 122 елінің телеарналары көрсетеді. Барлық телеарналардың аудиториясы 800 млн адамды құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер