Күрес

Халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогы» аяқталды

Халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогы» аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда «Халық Арена» спорт сарайында грек-рим күресінен дәстүрлі халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогы» өз мәресіне жетті. Бүкіләлемдік күрес кеңесінің (UWW) күнтізбесіне енгізілген жарыс олимпиадалық ойынға жататын алты - 59, 66, 75, 85, 98 және 130 келі салмақ дәрежелері бойынша өтті. Екі күн бойы Ресей, Иран, Корея, Венгрия, Беларусь, Грузия, Украина, Армения, Польша, Грекия, Түркия, Литва, Таиланд, Тәжікстан, Қырғыстан, Өзбекстан және тағы басқа әлем мемлекеттерінен келген балуандар өзара мықтыны анықтады.

Алматы қаласы. «Халық Арена» спорт сарайы. Халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогының» нәтижелері:

59 кг
I. Ким Сон Хак (Оңтүстік Корея)
II. Руслан Итемгенов (Қазақстан)
III. Нұрсұлтан Қалмұрзаев (Қазақстан)
ІІІ. Фируз Тухтаев (Өзбекистан)

66 кг
І. Данияр Қаленов (Қазақстан)
ІІ. Алмат Кебиспаев (Қазақстан)
ІІІ. Ален Мирзоян (Ресей)
ІІІ. Павел Салеев (Ресей)

75 кг
І. Фатих Генгиз (Түркия)
ІІ. Миндиа Цулукидзе (Грузия)
ІІІ. Арсен Джулфалакян (Армения)
ІІІ. Шваги Бойквадзе (Грузия)

85 кг
І. Жан Беленюк (Украина)
ІІ. Роберти Коблиашвили (Грузия)
ІІІ. Николай Стадуб (Беларусь)
ІІІ. Лаша Гобадзе (Грузия)

98 кг
І. Никита Мельников (Ресей)
ІІ. Дмитрий Тимченко (Украина)
ІІІ. Еркін Шайкенов (Қазақстан)
ІІІ. Данил Сотников (Ресей)

130 кг
І. Леван Арабули (Грузия)
ІІ. Звиади Патаридзе (Грузия)
ІІІ. Виталий Щур (Ресей)
ІІІ. Нұрмахан Тыналиев (Қазақстан)

Ұйымдасытрушы комитеті жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен медальдардан бөлек арнайы сыйақы дайындағанын айта кетейік.

1 орын - 3.000 $

2 орын - 2.000 $

3 орын - 1.000 $

Чемпионның бапкеріне - 1.000 $

Сонымен қатар, турнирде чемпион атанған қазақстандық Данияр Қаленовке «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы берілді.

Фотолар: Бүкіләлемдік күрес кеңесінің ресми парақшасынан алынған

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер