Теңбіл доп әлемі
Футбол

«Арсеналдың» бұрынғы ойыншысынан ВИЧ инфекциясы табылды

«Арсеналдың» бұрынғы ойыншысынан ВИЧ инфекциясы  табылды
news-banner7
mobile-news-top

Лондондық «Арсенал» клубының бұрынғы қорғаушысы Эммануэль Эбуэ ВИЧ инфекциясына шалдықты.

Бұл туралы қорғаушы кипрлік АЕЛ командасына ауысу үшін медициналық тексерістен өткен кезде белгілі болған.

Ойыншының агенті Текин Беринчи еш алаңдауға негіз жоқ деп отыр. Алайда қайталап тексеру кезінде алғашқы нәтиже айна қатесіз шыққан.

Эммануэль Эбуэнің соңғы клубы «Сандерленд» болатын. 2016-жылы ойыншы бұрынғы агентіне қарызын төлемегені үшін үлкен футболдан бір жылға аластатылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер