Велоспорт

«Алматы туры-2017» велосайысын Eurosport арнасы тікелей эфирде көрсетт

news-banner7
mobile-news-top

«Алматы туры-2017» велокөпкүндігі өз мәресіне жетті. Осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі жарысқа 20 команда қатысты. Ұтыс қоры 40 мың еуроны құрайтын доданы «ЕуроСпорт» арнасы тікелей эфирде көрсетті.

Дәстүрге айналған Тур Алматы жарысының биылғы ерекшелігі көпкүндік мәртебесіне ие болды. Бұған дейінгі жылдары үміткерлер тек Әль-Фараби даңғылымен жүйткісе, биыл жарыс жолына да біраз өзгерістер енгізілді. Яғни бірінші кезең қаланың қақ ортасынан басталып Алматы Арена маңынан аяқталды. Бұл сында ел намысын үш бірдей команда қорғады. «Астанадан» бөлек Қазақстан ұлттық құрамасы және «Вино Астана-Моторс» командалары сынға түсті. Алғашқы кезеңде жерлесіміз Алексей Луценко жеке дара келді. Француз Реми де Грегорио екінші орыннан көрінсе, Иран велоспортшысы Мирсамад Пур Сейед мәре сызығын үшінші болып кесті. Мирсамадпен йық тірестіріп келген Бақтияр Қожатаев төртікке табан тіреді.

Якоб Фульсанг, Аstana Pro Team командасының велошабандозы:

- Жарыс өте қиын болды. Әсіресе тау жолдары басталғанда Қазақстан құрамасының жігіттері қарқындарын күшейтті. Дегенмен тәжірибенің арқасында біздің команда бәрін бақылауда ұстады. Нәтижесі жаман емес. Алдыңғы қатардан көріндік.

Екінші кезеңді «Халық Аренадан» бастаған үміткерлер Медеу шатқалында мәре сызығын кесті. Астана командасының велошабандозы Якоб Фульсанг кезең жеңімпазы атанса, Алексей Луценко екінші орыннан көрінді. Жалпы есепте топ жарған Луценко Тур Алматы жарысының 4 дүркін жеңімпазы атанды.

Алексей Луценко, Аstana Pro Team командасының велошабандозы:

- Бүгін жүлде оңайшылықпен келмеді. Жергілікті жастарда алдыңғы қатардан көріну үшін барын салды. Мәреге 5 шақырым қалғанда Якоб Фульсанг тізгінді жіберді. Мен тек артынан еріп отырдым. Бұл біздің кезең алдындағы жоспарымыз болатын. Бәрі ойдағыдай өтті. Британиялық Таунсенд Рори тау королі атанса, Алексей Луценко жарыстың үздік велоспортшысы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер