Басқа

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінен шеттетілді

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінен шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінен шеттетті.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 28 қазан мен 5 желтоқсан күндері аралығында АҚШ-тың Анахайм қаласында өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайды.

Қазақстаннан бөлек әлемдік додадан Ресей, Беларусь, Украина, Қытай, Әзірбайжан, Түркия, Армения және Молдова құрамалары шеттетілген.

«Атқарушы комитет 2008 және 2012 жылғы Ойындардан кейін тексерулер нәтижесі бойынша үш мәрте допингке қарсы ережені бұзған құраманы бір жылға спорттан шеттету туралы бірауыздан шешім қабылдады», – деп жазылған IWF хабарламасында.

Осылайша, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы бір жыл бойы әлемдік жарыстарда бақ сынай алмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер