Екі атлет әлем чемпионатының нормативін орындады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАшхабадтағы Азия ойындарында екі қазақстандық жеңіл атлет келесі жылы өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатының нормативінің орындады.
Әлем чемпионаты 2018 жылы Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтеді. Осымен 17-ші рет ұйымдастырылатын дүниежүзілік жарыс 2018 жылдың 1-4 наурыз аралығында өтеді деп жоспарланған. IAAF талабы бойынша жарысқа қатысу үшін 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2018 жылдың 19 ақпан аралығындағы турнирлерде белгінген нормативті орындау керек.
Бүгінгі таңда Ольга Рыпакова мен Михаил Литвин жолдама алып үлгерді. Үш қарғып секіруден әйелдер арасында норматив – 14,30 метр. Рыпакова бұл маусымда 14, 77 метрге дейін секірген болатын. Ал Литвин Ашхабадта 400 метрге жүгіріп, қола жүлдені жеңіп алғанда мәреге 46, 51 секундта жеткен еді. Әлем чемпионатының нормативі – 46, 70 секунд.
Осылайша, екі атлет Бирмингемдегі әлем чемпионатына жолдама алып отыр. Әзірге Рыпакова бұл жарысқа қатысатынын немесе қатыспайтынын әзірге анықтамағанын айтты.
Айта кетейік, Бирмингемде 26 медаль жиынтығы сарапқа салынады.