Велоспорт

Алексей Луценко «Тур Алматы-2017» жарысының жеңімпазы атанды

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда өтіп жатқан «Тур Алматы-2017» жарысының алғашқы кезеңі аяқталды.

Алексей Луценко 3 сағат 49 минут 51 секундта жарыс жолын алғашқы болып бағындырды. Екінші орын франциялық Реми Ди Грегориоға бұйырды. Ал үшінші орынға ирандық спортшы Мирсамад Пурсейедиголахур (+21 секунд) табан тіреді.

Сонымен қатар, үздік бестікке сондай-ақ, қазақстандық Бақтияр Қожатаев, итальяндық Альберто Чеккин кірді.

Жарыстың алғашқы кезеңінде велошабандоздар Төле би, Фурманов, Сатпаев, Абай, Шығыс Айналма Жолы, Әл-Фараби, Саин, Момышұлы, Рысқұлов, Ақын Сара көшелерімен 172,1 шақырым жүріп өтіп, «Алматы Аренасында» жарысты аяқтады.

Айта кетейік, Веложарыстың екінші кезеңі ертең «Халық Арена» ғимаратында басталады және «ШАЖ-Әл-Фараби» маршрутымен Тұңғыш Президенттің саябағынан «Медеу» тау шаңғысы курортына дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер