Бокс

Головкин мен «Канелоның» допинг-сынамалары жарияланды

Головкин мен «Канелоның» допинг-сынамалары жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес 16 қыркүйектегі айқасқа дейін және айқастан кейін алынған допинг-сынамалары жарияланды.

Ерікті антидопингтік агенттіктен (VADA) алынған Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) ақпаратына сәйкес, қос боксшының допинг-сынамасы таза болып шықты.

Айта кетейік, VADA-ның қолдауымен WBC «Таза бокс» бағдарламасын енгізді. Аталмыш бағдарлама Бүкіләлемдік бокс федерациясының жеңімпаздары мен чемпиондарын алдын ала ескертусіз допингке қарсы сынамадан өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер