Волейбол

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Фиджи командасын тас-талқан етіп, қатарынан төртінші рет әлем біріншілігіне жолдама алды.

Алматыда 2018-ші жылы Токиода өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аяқталды. Іріктеудің қорытындысы бойынша Қытай мен Қазақстан құрамалары әлем біріншілігіне жолдама алды.

Отандастарымыздың негізгі қарсыласы Қытай Тайпейі болатын. Бірақ өзара кездесудегі жеңістен кейін қыздарымыз топта екінші орынға көтеріліп, соңғы турда Фиджині ұтуы тиіс болған. Аталмыш мақсат орындалды - Қазақстан құрамасы топтағы басты аутсайдерді үш партияда жеңді.

Осылайша, А тобынан Қытай мен Қазақстан Жапонияға жолдама алса, Б тобында Таиланд пен Оңтүстік Корея финалдық кезеңге шықты.

2018-ші жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі

«А» тобы. Алматы, Қазақстан

24 қыркүйек

Қытай Тайпейі – Қытай – 0:3 (18:25, 14:25, 10:25)

Фиджи – Қазақстан – 0:3 (8:25, 19:25, 14:25)

Қорытынды нәтиже:

1.Қытай – 12 ұпай

2. Қазақстан – 9 ұпай

3. Қытай Тайпейі – 6 ұпай

4. Аустралия – 3 ұпай

5. Фиджи – 0 ұпай

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер