Қысқы

Элизабет Тұрсынбаева Канададағы жарыста қола алды

Элизабет Тұрсынбаева Канададағы жарыста қола алды
news-banner7
mobile-news-top

Мәнерлеп сырғанаудан Торонтода (Канада) аяқталған Autumn Classic International турнирінде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева қола медаль иеленді, деп жазады azattyq сайты.

Ол қысқа және негізгі бағдарлама қорытындысы бойынша 181 ұпай жинады. Тұрсынбаева қысқа бағдарламадан кейін бесінші орында тұрған. Ал негізгі бағдарламада үшінші нәтиже көрсетті. Алтынды канадалық Кэйтлин Осмоунд (217,55), күмісті жапониялық Маи Миахара (199,02) алды.

17 жастағы Тұрсынбаева былтыр Жапонияда өткен Азия ойындарында қола медаль ұтқан. Ол 2018 жылы ақпанда Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы олимпиада ойындарына қатысады.

Түпнұсқасы: azattyq.org Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер