Күрес

Алматыда дәстүрлі халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогы» өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында дәстүрлі халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогы» өтеді.

Айта кететін жайт, бұған дейін Семей қаласында күрес әлемін біріктірген жарыс алғашқы рет Алматы қаласында ұйымдастырылмақ. Турнир ресми Бүкіләлемдік күрес кеңесінің (UWW) күнтізбесіне енгізілген. Балуандар олимпиадалық ойынға жататын алты - 59, 66, 75, 85, 98 және 130 келі салмақ бойынша белдесіп, медальдарды сарапқа салады.

Естеріңізге салайық, Болат Тұрлыханов Семей өңірінде дүниеге келіп, 1956 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын тәмамдаған. Саналы ғұмырында талай сақа палуандарды баптап, оларды күрескерлік рухқа, жеңіске деген ерік-жігерлілікке, төзімді болып алға жылжуға, биік мақсат қоя біліп, асқақ арманға жетулеріне жетелеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер