Бокс

«Канело» жер сілкінісінен зардап шеккен отандастарына көмектеседі

news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық кәсіпқой боксшы өз отанында орын алған жер сілкінісіндегі аптта зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетіп қана қоймай, қомақты қаржы аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат fightnews сайтына сілтеме жасап.

Онда Сауль Альварес «апатқа ұшырағандарға гуманитарлық көмек көрсету үшін Мексикаға келгені, ондағы апаттан зардап шеккендерге азық-түлік, құрылыс материалдары мен дәрі-дәрмек сатып алуға бір миллион АҚШ долларын аударатынын айтты», - деп жазылған.

Еске сала кетейік, 16 қыркүйекте Сауль Альварес пен отандасымыз Геннадий Головкин «Ғасыр жекпе-жегін» өткізіп, төрешілер шешімімен қос боксшы айқасты тең нәтижемен аяқтаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер