«Барыс» 18 жасар форвардпен толықты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАстаналық «Барыс» шабуылшы Даниил Соколкамен үш жылдық келісім-шартқа отырды.
Өткен маусымда Мәскеу хоккей мектебінің 18 жасар түлегі Квебек жасөспірімдер лигасында ойнап, 18 матчта 3 ұпай жинаған. Сондай-ақ, хоккейден АҚШ-тың премьер-лигасында 18 матчта айдынға шығып, 26 ұпай еншілеген.