SoccerMan
Футбол

Болжам: «Боруссия», «Ювентус» және ПСЖ

Болжам: «Боруссия», «Ювентус» және ПСЖ
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін әлем жанкүйерлерін еуропалық үлкен футбол күтіп тұр. Ал біз әдеттегідей топ-5 лиганың кей матчтарынан экспресс жасап көрейік.

Германия. Бундеслига.

«Боруссия» Д – «Боруссия» М

23.09.2017 22:30

Бүгін Бундеслиганың қос «Боруссиясы» түйісетін күн. Дортмундық «Боруссия» өз алаңында Менхенгладбахтың «Боруссиясын» қабылдайды. Дортмундық ұжым осы маусымда Бундеслигада көш бастап келеді. Тіпті, өз қақпасына әлі гол жіберген жоқ. Оның үстіне, кеше «Бавария» «Ваольфсбургпен» тең түсіп, ұпай жоғалтқан болатын. Бұл дортмундық «Боруссия» үшін ерекше мүмкіндік болмақ. Сондықтан, алаң иелері бүгін Менхенгладбахтан келген қонақтарды жеңеді.

Бәс: «Боруссия» Д жеңісі – 1.43 коэффициент

Италия. А сериясы.

«Ювентус» - «Торино»

24.09.2017 00:45

Туриндік команда биыл да чемпиондық атағын қорғап қалмақ және оны сәтті бастады – 5 ойын, 5 жеңіс. Ал бүгінгі қарсыласы «Торино» болмақ. Туриндік дербиде «Кәрі Сеньора» қонақтарды ұтады деп ойлаймын.

Бәс: «Ювентустың» жеңісі – 1.41 кф

Франция. 1 лига

«Монпелье» - ПСЖ

23.09.2017 21:00

Былтыр чемпиондық атақты «Монакоға» беріп қойған ПСЖ биыл сол титулын қайтарып алмақ. Сол үшін командаға Неймар мен Мбаппе келді. Париждік ұжым әзірше қарсылас шақ келтірер емес. Соңғы алты матчының бесеуін ірі жеңіспен аяқтады. Команда ішінде болған кикілжің «Монпельені» ұтуға кедергі келтірмейтіні анық.

Бәс: ПСЖ-ның жеңісі – 1.28 кф

Экспресс:

«Боруссия» Д – «Боруссия» М: «Боруссия» Д жеңісі – 1.43 кф

«Ювентус» - «Торино»: «Ювентустың» жеңісі – 1.41

«Монпелье» - ПСЖ: ПСЖ-ның жеңісі – 1.28 кф

Жалпы: 2.66 коэффицент

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер