Басқа

«Алматы Туры - 2017» веложарысы туралы не білеміз?

«Алматы Туры - 2017» веложарысы туралы не білеміз?
news-banner7
mobile-news-top

Көптен күткен халықаралық веложарыс «Алматы Туры» осы күздің ең басты оқиғаларының бірі болмақ. Аталмыш шара биыл Халықаралық Велосипедшілер Одағы (UCI) регламентіне сәйкес, алғаш рет көпкүндік тасжолдағы веложарыс атағына ие болды, деп хабарлайды ақпараттық спорттық ХАБ.

2013 жылы бастау алған «Алматы Туры» веложарысын ұйымдастыру деңгейі жоғарлады. Біркүндік «1.2» санатты веложарыс болғандықтан, кәсіби командалар қатыса алмаған. Алайда, енді, UCI келісімімен «Алматы Турының» 2014 жылы «1.1» кәсіби веложарыс мәртебесін иеленгені, қатысушылар санын біршама арттырды. Біркүндік халықаралық жарыстың мәртебесін көтеру оңай емес, мұндай үдеріс біршама уақытты қажет етеді, оны қарастыру бірнеше немесе ондаған жылға созылуы мүмкін.


Мерейтойлық бесінші «Алматы Туры» екі кезеңнен тұрады. Қыркүйектің 30-ы және қазанның 1-і күні қатысушылар жалпы 331,7 шақырым қашықтықты бағындырыды. «Алматы Турының» бірінші кезеңі "Астана" алаңынан басталады. Қатысушылар Төле би, Фурманов, Сәтпаев, Байзақов, Абай және Желтоқсан көшелерінен «қалалық айналым» өтіп, «Алматы Арена» маңында мәреге жетеді. Екінші кезеңде велошабандоздар «Халық Арена» кешені маңында бәйгені бастап, Әл-Фарабимен жүрін Тұңғыш Президент саябағы жанынан өтіп, «Медеу» мұз айдынында бәсекені аяқтады.

Биыл велододаға 20 команда тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда. «Алматы Турының» үш дүркін жеңімпазы Алексей Луценко биыл да ел намысын қорғайды.
«Алматы Туры-2017 » спортшыларды ерекшелендіретін екі жаңа бірдей жейдеде ұсынады – «таулы» жейде және «үздік қазақстандық велошабандоз» жейдесі.

Eurosport телеарнасы дәстүр бойынша «Алматы Турын» бір жарым сағат тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, командаларды таныстыру рәсімі мен бірінші кезеңнің үздік сәттерін көрермендер назарына ұсынатын болады.
«Алматы Туры» туралы қосымша мәліметті http://tourofalmaty.kz/ru/ ресми сайтынан таба аласыздар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер