Бокс

Головкин Қазақстанға оралады

Головкин Қазақстанға оралады
news-banner7
mobile-news-top

IBF/IBO/WBA/WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин өзінің командасымен бірге елге ұшып шықты, деп хабарлайды ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Профи Бокс Казахстана» парақшасы.

«Қазіргі таңдағы әлемнің үздік боксшыларының бірі Геннадий Головкин өзінің командасымен бірге Отанына, Қазақстанға ұшып кетті. Спортшы отбасымен бірге Қарағандыда өзінің анасының туған күнін тойламақшы. Кейін WBC Конвенциясына қатысу үшін Бакуге аттанады. Қазанның ортасында АҚШ-қа барып жаттығуына кіріседі», - делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, жерлесіміз соңғы кездесуін мексикалық Саул Альвареспен өткізіп, төрешілер шешімімен қос боксшы тең түскен.

Кейін Головкин Коттомен кездесуі мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер