Футбол

«Челси» мен «Атлетико» Диего Костаның трансферіне келісті

news-banner7
mobile-news-top

«Челси» «Атлетико» клубымен шабуылшы Диего Костаның трансферін келіскендігін хабарлады.

Ендігі қалғаны Костаның мадридтік командамен жеке келісімге келуі ғана. Расталмаған ақпаратқа сәйкес «Атлетико» лондондық командаға шабуылшы үшін 55 млн еуро төлейді. Тағы он млн еуро бонус ретінде қарастырылған.

28 жасар Коста бұған дейін де «Атлетико» командасында ойнаған. Дәлірек айтқанда 2007-14-жылдар аралығында мадридтік команданың намысын қорғаған. «Челси» клубы шабуылшыны 38 млн еуроға сатып алған еді.

Лондондық команда үшін Коста 120 ойында 58 гол салды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер