Футбол

Болгарияға қарсы қос матчқа шақырылған қазақстандық футболшылардың тізімі

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Владимир Никитенко 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің ойындарына шақырту алған футболшылардың тізімін жариялады. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады.

Қазан айынның басында Қазақстан жастар құрамасы 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің аясында Болгария құрамасымен екі ойын өткізеді.

Алғашқы ойынды Болгария қабылдайды. Кездесу 6 қазан күні Старо-Загора қаласындағы «Трейс Арена» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 21:30-да басталады. Төрт күннен кейін екі ұжым Астанада жолығады. 10 қазан күні «Астана Арена» өтетін ойынның басталатын уақыты 19:00-ге жоспарланған.

Қазақстан жастар құрамасының кеңейтілген тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

Қақпашылар: Дмитрий Колбунцов («Жетісу»), Тимурбек Закиров («Қызыл-Жар СК»), Сұлтан Бұсырманов («Тобыл»);

Қорғаушылар: Дәурен Мәжитов («Атырау»), Айбол Әбікен, Александр Соколенко, Ескендір Қыбырай (барлығы – «Қайрат»), Сұлтан Әбілғазы («Оқжетпес»), Бекзат Шадманов («Тараз»), Руслан Әлімбаев («Шахтер»), Карам Сұлтанов («Қызыл-Жар СК»);

Жартылай қорғаушылар: Дидар Жалмұқан («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Тараз»), Геворг Наджарян («Шахтер»), Юрий Перцух («Ақжайық»), Қуаныш Қалмұратов («Атырау»), Демият Сламбеков («Жетісу»), Рашид Люхай, Рамазан Оразов (екеуі де – «Қайрат»);

Шабуылшылар: Максим Федин («Оқжетпес»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Еркебұлан Сейдахмет («Тараз»), Самат Сәрсенов, Акмаль Бақтияров (екеуі де - «Қайрат»);

Резерв: қорғаушылар- Айбол Жахаев («Қайсар»), Максим Чалкин («Рузаевка»), Әлібек Қасым («Қайрат»), жартылай қорғаушылар - Иван Антипов («Ақжайық»), Артем Попов («Ертіс»), Әділет Әбденәби («Жетісу»), шабуылшылар - Темірлан Әміров (СДЮШОР №7), Артем Шушеначев («Қайрат»).

Жаттықтырушылар штабы: Владимир Никитенко – аға жаттықтырушы, Юрий Коньков – аға жаттықтырушының көмекшісі, Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Александр Брейткрейц - менеджер, Мұзаффар Абдулсатаров - әкімші, Петр Пустовар – дәрігер, Александр Корнилов - массажист, Тимур Құсайынов - сарапшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер