Футбол

Чемпиондар лигасының 2019 жылғы финалы Мадридте өтетін болды

Чемпиондар лигасының 2019 жылғы финалы Мадридте өтетін болды
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасының 2018/2019 маусымының финалы Мадрид (Испания) қаласындағы «Атлетико» командасының «Ванда Метрополитано» стадионында өтетін болды. Бұл туралы УЕФА-ға сілтеме жасап, «Егемен Қазақстан» хабарлады.

Финалдық кездесу 2019 жылдың 1 маусымында өтеді. Ал Еуропа лигасының ақтық бәсекесі Баку қаласындағы (Әзербайжан) «Олимпия» аренасына жоспарланып отыр. Ал қос финалдың жеңімпаздарын, яғни 2019 жылғы УЕФА Суперкубогын 14 тамыз күні Станбұл (Түркия) қаласындағы «Бешикташ Стэдиум» қабылдайды.

Мұндай шешім Ньон (Швейцария) қаласында УЕФА-ның атқарушы комитетінің отырысында қабылданды.

Ал осы маусымда Чемпиондар лигасының финалы Киев (Украина) қаласындағы «Олимпия» стадионында өтеді. Ал Еуропа лигасының биылғы шешуші ойыны Лион қаласындағы (Франция) «Олимпик Парк» стадионында ұйымдастырылады. Ал 2018 жылғы УЕФА Суперкубогы Таллин қаласындағы (Эстония) «Лиллекюла» алаңында өтеді.

Айта кетейік, «Ванда Метрополитано» стадионының ашылуы өткен сенбі күні, яғни 16 қыркүйекте болды. Бұл күні мадридтіктер «Малага» командасын 1:0 есебімен жеңді. Жаңа стадиондағы алғашқы әрі осы матчтағы жалғыз голды франциялық Антуан Гризманн салды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер