Хоккей

Алматы хоккейшілері «Алтай-Торпедодан» басым түсті

news-banner7
mobile-news-top

Қыркүйек айының 19-ы мен 20-ы аралығында «Халык Арена» мұз айдыныңда ерлер арасындағы шайбалы хоккейден ел чемпионатының үшінші туры өткен болатын, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Алматылық ұжым осы маусымдағы Алматыда өткен алғашқы кездесулерін өскемендік «Алтай-Торпедо» командасында қарсы өткізді. Бірінші кездесуде қос команда қызықты ойын көрсеткенімен Игорь Дорохин шәкірттері басымдылық танытып 4:0 есебімен жеңіске жетті. Максим Рыбалко, Андрей Спиридонов, Дмитрий Лоханин және Рамазан Алдамжаров мерегендігімен көзге түсті.

Ал, екінші кездесу аясында алматылықтар алғашқы минуттардан-ақ көзге түсіп өз жанкүйерлеріне көтерінкі көңіл күй сыйлады. Игорь Дорохин шәкірттерінің сапынан Евграфов, Рахманов, Билалов, Огородников және Спиридоновтар көзге түссе, салған шайбаларға өскемендіктердің сапынан Шестаков пен Тлуебаев есеп айырмасын қысқарта алды. Осылайша 5:2 есебімен «Алматы» командасына жеңіске жетті.

- Қонақтағы ойындардан кейін бүгінгі жеңіс бізге ауадай қажет болды. Жақсы ойын көрсеттік деп ойлаймын, тек өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Барлық командаларды жеңуге тырысамыз. Алда әлі қиын ойындар күтіп тұр, тек жақсы нәтижелерге ғана үміттенеміз, - деп «Алматы» ХК ойыншысы Ильнар Мисбахов өз ойымен бөлісті.

Айта кетер жайт , Игорь Дорохин шәкірттері келесі ойындарды да «Халык Арена» мұз айдыныңда 23-24 қыркүйек күні павлодарлық «Ертіске» және 28-29 қыркүйекте «Бейбарыс» клубына қарсы өткізетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер