Басқа

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері спорттық жарысқа қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Қыркүйек 23-і күні «Жанұя»мамандырылған кешенінде «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Алматы қаласының балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында ашық спартакиада ұйымдастырылады.

Спартакиада бағдарламасына шағын-футбол, арқан тарту, тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату жәнеүстел теннисі спорт түрлері кірді. Жарыстың ресми ашылуы сағат 09:00-де басталады.

Жарыстарға 18-ден аспаған балалар үйлерінің тәрбиеленушілер қатыса алады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медалдар, сонымен қатар жеңімпаз командаларға кубок табысталады.

Спартакиаданың басты мақсаты жастардыңдене шынықтыру деңгейін арттыру және үздік командаларды анықтау.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Өтетін орын: «Жанұя» мамандырылған кешені, Бегалин көшесі, 82-ші үй.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер