Басқа

Қазақстандық джитсерлер алғаш рет ADCC чемпионатына қатыспақ

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін түнде, қыркүйектің 21-і күні, қазақстандық спортшылар Османжан Қасымов пен (77 кг) пенАрман Жанпеисов (99+ кг) Алматыдан Финляндия мемлекетіне аттанады. KazakhstanTopTeamклубының оғландары қыркүйек айының 23-і мен 24-і аралығында Эспоо қаласында өтетін греплингтен ADCC әлем чемпинатында ел намысын қорғайды.

ADCC әлем чемпионаты екі жылда бір рет ұйымдастырылады. Байрақты бәсекеге қатысу үшін джитсерлер іріктеу кезеңдерінде жеңіске жету қажет немесе ұйымдастырушылардың шақырумен қатысуға мүмкіндік алады. Біздің спортшылар іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, әлем біріншілігіне жолдама алды. Олар Қазақстан чемпионаты мен Азия және Океания біріншілігінде жеңімпаз атанып, ел мерейін үстем етті. Осы жылы Османжан Қасымов Жапонияда чемпион атанса, Мұхаммад 2016 жылы Алматыда жалауы желбіреген Азия және Океания чемпионатының жеңімпазы. Алайда, Мұхаммадтың жарақатына байланысты, сары құрлық чемпионатының күміс жүлдегеріАрман Жанпеисов әлем чемпионатына атанады. Ақпараттық және спорттық хаб тілшісі дүбірлі додадаға сынға түсетін спортшылармен әңгімелесті.

- Әлем чемпионатына дайындық екі кезеңде өтті. Бірінші кезең АҚШ-та, Калифорния штатында басталды. Біз «Brasilian Top Jym» клубында, Джулиана Прадо бапкерінің қол астында дайындалдық. Таңертең біз кардиоға жұмыс жасап, күрес әдістерін меңгердік. Ал кешке көбінесе күрестік. Бір жарым айдан соң, мен Алматыға оралып, Kazakhstan Top Team клубында дайындығымды жалғастырдым. Мұнда менің бапкерім Адам Фокс болды. Ол менімен бірге ADCC әлем чемпионатына барып, қолдау көрсететін болады. Жалпы, мен өз қарсыластарымды білемін, бірақ бұл жайында ойламауға тырысамын. Бұл айтулы додадан жақсы күресті күтемін. Біз алғаш рет ел намысын халықаралық аренада қорғайтын боламыз. Әрине, жақсы нәтижелерді көрсетіп, жеңіске жетемін деген үміттемін. Еліміздің туын биікке желбірету асқақ арманым, бұл әлемдік біріншіліке қатысуымыздың өзі – үлкен жетістік, - деп бөлісті Османжан.

Арман Жанпеисов та әлем чемпионатына дайындығы туралы айтып берді:

- Дайындық жақсы өтті, жоғары деңгейде десем де болады. Менімен бірге бапкерім Адам Фокс болды, сонымен қатар, достарым мен жақындарым да қолдау көрсетуде. Оларға деген алғысым шексіз. Қарсыластарым өзім қатарлы спортшылар, тек лауазымдары ғана болмаса. Алайда, осы жылы, меніңше, жеңіске жету үшін мүмкіндіетеріміз тең, олар да біз сияқты дайындалуда. Бірақ біз қазақпыз ғой, намысты қолдан бермейміз. Жеңіске жетеміз деген үміттемін, - деп атап өтті Арман.

ADCC әлем чемпионаты 1998 жылдан бастап, екі жылда бір рет ұйымдастырылады. Дүбірлі дода 6 салмақ бойынша өтеді: 65.9 кг-дейін; 76.9 кг-ға дейін (Қасымов қатысады); 87.9 кг-дейін; 98.9кг-ға дейін; более 99 кг+(Жанпеисов өнер көрсетеді); және де абсолюттік салмақтық санат.

- Біздің спортшылар ADCC грепплингтен (Abu-Dhabi Combat Club) ең беделді жарыста бақ сынамақ. Барлық спортшылар осы Әлем чемпионатында белдесуді армандайды, жеңбесе де айтулы додаға қатысудың өзі оларүшін жетістік. Жарыстар ноу-ги (кимоносыз) грепплинг бөлімі бойынша өткізіледі, спортшы қарсыласты тізе бүктіру немесе ұпай сандары арқылы жеңе алады. Дегенмен, ережелерге сәйкес ауыртпалы тәсілдерді қолдану рұқсат етілген. Бірақ, олардың басым бөлігінен спортшыны жарақат алу мүмкін. Осыдан болар, бұл чемпионаттан көбісі бас тартады. Айта кетсем, грепплингте ұрып соғуға болмайды, тек күрес техникасы қолданылады, - деп атап өтті Федерация президенті Төлеген Құмаров.

Іріктеу жарыстары дүниежүзі бойынша өткізіледі. Алтынды олжалаған спортшыларға, барлық салмақ дәрежесінде, кепілденген жолдама мен 10 000 доллар көлемінде ақшалай сыйлық табысталады. Іріктеу турнирлерінде тек үздік грепплерлер белдеседі және де әрқайсысы Әлем чемпионатына жолдама ұтып алуға үміттенеді. Осы жылы Әлем бірінішілігінің жалпы жүлде қоры 206 600 доллар.

- Біз Османжан мен Арманға сәттілік тілейміз. ADCC Әлем чемпионатынан Қазақстанға олжалы оралып, еліміздің туын биікке желбіретеді деген сенімдеміз, - деп қорытындылады Төлеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер