Бокс

Головкин Коттомен жұдырықтасуы мүмкін

Головкин Коттомен жұдырықтасуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

IBF, IBO, WBA және WBC чемпионы Геннадий Головкин өзінің келесі кездесуін Мигель Коттоға қарсы өткізуі мүмкін.

Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер айтты. Пуэрто-рикалық боксшы бұған дейін Головкин – Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуге дайын екенін хабарлаған болатын.

Котто бірінші орта салмақта WBO титулының иегері. Осы кездесуден соң Мигель мансабын аяқтауы мүмкін.

Бұған дейін Boxing News Головкиннің келесі қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер