Пхенчхан Олимпиадасының медальдары таныстырылды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызПхенчхан қысқы Олимпиадалық Ұйымдастыру комитеті бүгін 2018 жылғы XXIII қысқы Олимпиада ойындарының медальдарын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жеңімпаздарға табыс етілетін медальдардың алдыңғы бетінде Олимпиада сақиналары, екінші бетіне Пхенчхан қысқы Олимпиадасының логотипі бейнеленген.
Медальдың диаметрі 92.5 миллиметр, шығыңқы бетінің қалыңдығы 9.42 миллиметр, ойыс бетінің қалыңдығы 4.4 миллиметрді құрайды. Алтын медальдың салмағы 586 грамм, «күміс» -580 грамм, «қола» - 493 грамм. Атап өткен жөн, алтын медальдың салмағы 2014 жылғы Сочи Олимпиадасы алтын медалінен ауырлау болып отыр.
Естеріңізге салайық, қысқы Олимпиада ойындары келесі жылы 8 - 25 ақпан аралығында Оңтүстiк Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді.