Бокс

Александр Беленький: Халықтың барлық наразылығын бір адамға бұрып жіберді

news-banner7
mobile-news-top

Бокс саласының шолушысы, танымал ресейлік сарапшы Александр Беленькийдің ойынша, Головкин - Альварес жекпе-жегінде жеңісті мексикалық боксшыға беріп қойған бір төрешінің әділетсіз шешімі тамаша ойластырылған жоспар, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар.

Оның айтуынша, ұйымдастырушылар онымен халықтың барлық наразылығын бір адамға бұрып жіберді. Ал жекпе-жектің жалпы шешімі назардан тыс қалды.

«Аделаида Берд ол ұйымдастырушылардың алдын ала ойластырып қойған қадамы, «кемеңгер» жоспары. Оның атақ-абыройы баршаға аян. Бұған дейін ол ылғи қисық шешімдерді, қарама-қайшы есептерді шығарып келді. Оған қоса, Альвареске жанкүйер болып жүр. Оны бәрі біледі. Демек, оның жеңісті мексикалық боксшыға беріп қоятыны белгілі. Осылайша, халықтың наразылығын соған қарай бағыттауға тамаша мүмкіндік туды. Барлығы оны таптай бастады. Ол келіншек өз рөлін атқарып шықты. Ал оны қалай разы қылғанын өзі біледі. Негізгі мәселе мынада, жекпе-жектің жалпы әділетсіз шешімі назардан тыс қалды», - дейді Беленький.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер