Бокс/Күрес/ММА

Конфедерация спортшыларды марапаттады

Конфедерация спортшыларды марапаттады
news-banner7
mobile-news-top

Конфедерация 2017 жылы Әлем чемпионаттарында жеңімпаз және жүлдегер болған спортшыларды марапаттады.

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы 2017 жылғы Әлем чемпионаттарында үздік өнер көрсеткен бокс, күрес, дзюдо және таеквондо шеберлерін, бапкерлерін және кешенді ғылыми топ мүшелерінің еңбегін ескере келе марапаттау рәсімін өткізді.
Жалпы саны 11 спортшы мен бапкерлер және ұлттық құрама команда мамандарынан құралған 36 адам ақшалай сыйақыларға ие болды.

Марапаттау рәсімін Күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы Данияр Абулғазин және ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков жүргізді.
Сонымен қатар салтанатты шараға бокс, күрес, дзюдо және таеквондо спорт түрелері бойынша федерациалардың басшылары қатысқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік 2017 жылы Конфедерация құрамына кіретін спорт түрлері бойынша спортшылар 11 медаль жеңіп алған болатын(1 алтын, 4 күміс және 6 қола).

Спортшылар, бапкерлер мен ғылыми кешенді топ мамандарын үлкен жарыстарда көрсеткен үздік нәтижелері үшін сыйақымен марапаттау дәстүрі Конфедерация құрылған сәттен қолға алынған бастама.

2008 жылғы Пекин ОО нәтижесін соң қайта қараған Халықаралық Олимпиада комитеті қазақстандық грек-рим шебері Нұрбақыт Теңізбаевқа күміс медаль беру жөнінде шешім қабылдаған. Ережеге сәйкес аталған медальді ҚР ҰОК Президенті Құлыбаев Тимур Асқарұлының тапсырмасына сәйкес ҰОК Бас хатшысы Д. Абулғазин табыстады. Сонымен қатар 2008 жылғы Пекин олимпиадасында ауыр атлетикадан ел намысын қорғаған спортшыларымыз Бақыт Ахметовке 4-ші орын алғанын растайтын, ал Сергей Истоминге 6-шы орын алғанын растайтын сертификаттар табысталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер