Волейбол

Алматыда волейболдан Әлем чемпионатының іріктеу жарысы басталды

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда волейболдан әйелдер арасында 2018 жылы Жапонияда өтетін Әлем чемпионатының іріктеу жарысы басталды.

Әлем чемпионатына іріктеу кезеңіне Қазақстаннан бөлек, Қытай, Аустралия, Фиджи және Қытайлық Тайпей әйелдер құрамалары қатысады. Аталған командалар әлем чемпионатының төрт жолдамасын сарапқа салады. Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын 21 қыркүйектен бастайды. Бүгін, 15:00-де Қытай - Фиджи, ал 18:00де Аустралия - Қытайлық Тайпей құрамалары өзара сынға түседі. Турнирдің барлық матчтары Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Жарыс кестесі: (Сағаттар Астана уақытымен көрсетілген) 20 қыркүйек 15:00 Қытай - Фиджи 18:00 Аустралия - Қытай 21 қыркүйек 15:00 Фиджи - Аустралия 18:00 Қазақстан - Қытай 22 қыркүйек 15:00 Қытайлық Тайпей - Фиджи 18:00 Қазақстан - Аустралия 23 қыркүйек 15:00 Қытай - Аустралия 18:00 Қазақстан - Қытайлық Тайпей 24 қыркүйек 15:00 Қытайлық Тайпей - Қытай 18:00 Қазақстан - Фиджи

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер