Басқа

Мұсайбеков - киберспорттан Азия Конфедерациясының вице-президенті

Мұсайбеков - киберспорттан Азия Конфедерациясының вице-президенті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков киберспорттан Азия Конфедерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды.

Жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындары өтіп жатқан Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында Киберспорттан Азия Конфедерациясының Бас Ассамблеясының кезекті отырысы болды. Аталмыш шара барысында Конфедерациясының президенті және вице-президентін сайлады. Гонконг Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Кеннет Фок Азия Конфедерациясының президенті қызметін атқарады. Ал вице-президент болып Сәкен Мұсайбековтен бөлек Қатар, Үндістан және Вьетнам өкілдері сайланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер